Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Қараша, 2021

Махсуда Джаппарова Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және Қазақтың Тұңғыш генералы Сабыр Рахымовтың жүлдесіне арналған Алматы облысы Талдықорған қаласында Ұлттық жекпе-жектен өткен әлем кубогында Мақтаарал ауданының тумасы Махсуда Джаппарова ІІ орынды жеңіп алып, Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы спортшының бапкері, Түркіста облысы Ұлттық спорт жекпе-жек федерациясының Президенті Азиз Анетов хабарлады.

Махсуда Джаппаров 1997 жылы Мақтаарал ауданы Иіржар ауылық округі Диқан ауылында туылған.

2021 жылдың өзінде көптеген жетістіктерге жеткен. Атап айтқанда, 27 ақпан және 1 наурыз күндері аралығында Қостанай қаласында өткен ҚР Чемпионатында күміс жүлдегері атанса, 27-30 наурыз күндері Шымкент қаласында өткен Пенчак Силаттан ҚР-ның Чемпионы болды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен Ұлттық жекпе-жектен ҚР Кубогының жеңімпазы атанды.

Тамыздың 26-29 күндері Қырғызстанда өткен Gamma MMA-дан Азия Чемпионатының жеңімпазы болып, еліміздің абыройын асқақтатты. Қазанның 7-10 күндері Алматы қаласында өткен Пенчак Силаттан Азия және әлем Чемпионатына іріктеуінің жеңімпазы, 29-31 қазан күндері Қостанай қаласында өткен жекпе-жектен Азия Чемпионатының финалисті атанды.

Жекпе-жектен Азия және Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джаппарова осылайша 24-25 қараша күні Талдықорған қаласында өткен Ұлттық жекпе жектен ІІ орынды жеңіп алды.

749 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз