Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2021

Философия апталығы аяқталды

ҚазҰУ-дың философия кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік философия күні аясында бірқатар ғылыми-танымдық іс-шаралалар апталығы өз мәресіне жетті.   

Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын философия кафедрасы осы мереке қарсаңында конференциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, Отандық және шетелдік белгілі ғалымдармен кездесулер өткізуді жалғастырып келеді.  

2005 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 33-ші сессиясында бекітілген, Дүниежүзілік философия күні, әсіресе жастар үшін философияның маңыздылығын көрсету мақсатында жарияланған. Философия – сыни және тәуелсіз ойлауды ынталандыратын, дүниеге көзқарас қалыптастыратын рухани мәдениет шығармашылығы және төзімділік пен бейбітшілік идеалдарын насихаттайтын ғылыми пән.

17 қарашада  Философия кафедрасы К. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес университетінің Әлеуметтанулық ғылымдар кафедрасы, «Жолшы» студенттік философия клубымен бірлесе отырып «ХХІ-ғасырдағы философия: философтардың көзқарасы» тақырыбында республикалық ғылыми форум өткізді. Философиялық форум алаңда қазіргі кезде философия ғылымының алдында тұрған көкейтесті сауалдар, адамзат бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелерге қатысты философтардың көзқарасы талқыға салынды. Дәл осы күні  «Қоғамдағы философ мәртебесі» тақырыбында республикалық танымдық-тәрбиелік дөңгелек үстел де мерекелік апталықты жандандыра түсті. Дөңгелек үстелге Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, филос.ғ.д., профессор Қ.З.Халықов, Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Бекежан Ө.Қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Таирова Б.Л. қатысты. Дөңгелек үстел барысында философия ғылымының рөлі, қоғамдағы философтар мәртебесі талқыланды.

Философия және өзге де мамандық білімгерлерінің қатысуымен 19 қарашада «Философия қоғам мен адам өмірінде»  тақырыбында республикалық ғылыми семинар өтті.  Ғылыми семинарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия, халықаралық қатынастар мамандығының студенттері және Қазақ-Ресей медицина университетінің студенттері қатысты.

Философияның мерекесі аясында әртүрлі ғылым саласының өкілдерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылды.

12 қарашада «Қазақстандық экософиялық мәселелер» тақырыбында  Алматы қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор Дінмұхаммед Лесбековпен онлайн кездесу өтті.  Кездесу барасында экологиялық сананы қалыптастырудың мәселелері талқыланды.

15 қарашада Философия кафедрасының «IDEA» жас философтардың ғылыми клубының ұйымдастыруымен «Философия – таңдау және мамандық тақырыбында» ОҚМПУ аға оқытушысы, философ, коуч Байдлаева Ақмарал Қауржауқызымен ақпараттық-танымдық кездесу  өтті.

18 қарашада  «Философ бақыты, әлде философ бақытты ма?» тақырыбында философия ғылымдарының докторы, профессор Тайжанов Алтай және философ-жазушы Дидар Амантаймен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуде философ деген кім, бақыт түсінігі, қазіргі таңдағы философ мәртебесі, философия мамандығының қазіргі таңдағы жағдайы талқыланды.

15 қарашада «Дін мен дәстүр үндестігі» тақырыбында философия кафедрасының аға оқытушысы, дінтану магистрі Тасболат Асылтаймен онлайн кездесу өтті.

18 қарашада «Аударма және философия» тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия кафедрасының меңгерушісі Құранбек Әсетпен онлайн кездесу өтті. Кездесуде философиялық шығармаларды аударудың қиыншылығы мен қызығы, аударма қызметі жайлы, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы философиялық еңбектердің оқырманға маңызы талқыланды.

25 қарашада  «Әлемдік білім кеңістігіндегі философия» тақырыбында философия кафедрасының түлегі, Ондокуз Майыс университетінің түлегі Жанықұлов Нұрбекпен онлайн кездесу өтті. Кездесу алаңында әлемдік білім кеңістігіндегі философия мамандығы, Ондокус Майыс университетінің философия және дін ғылымдары факультеті, Түркиядағы қазақ студенттерінің өмірі жайында айтылды.

Назгүл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Философия кафедрасының аға оқытушысы

64073 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз