Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 29 Қараша, 2021

Жас ғалымдардың Еуразиялық интеграция туралы конференциясы өтті

Тұңғыш Президент күніне орай жас ғалымдардың «Қазақстан. Еуразиялық интеграция идеясы. Ғылыми-қолданбалы аспект» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. 

Конференцияға Еуразиялық интеграция саласындағы зерттеулермен айналысатын Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Беларусь елдерінің жас ғалымдары қатысты.

Сөз сөйлеушілер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық интеграция идеясын қалыптастырудағы және ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қана емес, ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін Еуразиялық кеңістіктің ғылыми қоғамдастығы арасында ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл стратегиясын құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Пікірталас қорытындысы бойынша жас зерттеушілер еуразиялық кеңістікте экономикалық, мәдени және ғылыми өзара іс-қимыл үшін жаңа диалог алаңдарын құру қажеттігі туралы пікір білдірді.

Конференцияға 30-дан астам жас ғалымдар қатысты.

Іс-шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті, «Жастар» ҒЗО және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырды.

 

18186 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз