Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 29 Қараша, 2021

Психологиялық тест. Суретке қарап, өзіңді таны

Психологиялық тесттен өтудің дұрыс жолы

1. Суретке 1 секунд көз тастау керек.

2. Ең бірінші ойға келген нұсқаны есте сақтап қалуға тырысқан жөн.

3. Қайталап қараудың қажеті жоқ және бірнеше жауап таңдауға да болмайды.

4. Суретке тесіле қарап, қозғап көрудің де қажеті жоқ. Бір көз тастағанда нені аңғардыңыз? Тест үшін сол жеткілікті.

 

1. Күліп тұрған көңіл-күй таңбасын (смайлик) көрсеңіз - сіз  адамдармен тез араласып кететін, ашық әрі таза ниетті жансыз. Сондай-ақ оптимист және өмірді күлгін көзілдірікпен қарайтын интроверт екеніңізден хабар береді.

2. Қабағы қату көңіл-күй таңбасы (смайлик) көзіңізге түссе, сізде шешілмей тұрған бір мәселе бар деген сөз. Ешкімге білдіртпейтін комплекстеріңіз бар. Көбіне депрессияға бейім, пессимист адамдардың көзіне осы смайлик түседі. 

3. Рогатка. Адамның әр істен нәтиже шығаруға тырысатын тұрақты мінезінен хабар береді. Жəне проблеманы шешу үшін алдымен түбіріне үңіліп, мəселеге байыппен қарайтын жан суретке қарағанда ең алдымен рогатканы байқайды. 

4. Сары дөңгелек. Бұл тек алыстан көре білетін, көңілі қиядағыны шалатын, түйсігі терең көшбасшы адамдар байқайтын көрініс. Яғни, сары дөңгелек бірден  көзіне түскендер - үнемі көңілді жүретін, ұсақ-түйек, бос сөздерге мүлде назар аудармайтын позитив жандар. 

 

2115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз