Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Қараша, 2021

Испанияға барған саяхатшыдан коронавирустың жаңа штамы анықталған

Әлемге қатер әкелген коронавирустың  жаңа штамы Испанияға жеткен. Яғни Оңтүстік Африка республикасынан келген саяхатшыдан анықталды. 51 жастағы азамат Мадридке Амстердам қаласы арқылы ұшып келген. Қазір карантинге жатқызылып, онымен байланыста болғандар бақылауға алынды. Омикрон - Оңтүстік Африка республикасында пайда болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеше covid-19-дың бұл мутацияға ұшыраған түрі әлемде індеттің қайта өршуіне әкелуі мүмкін деп ескертті. Оның адамнан адамға қаншалықты тез жұғатыны әлі белгісіз. Бірақ бұл штамнан көз жұму дерегі тіркелмеген. 

 

1032 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз