Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2021

«Фараби жолын» жаңғыртқан ғалым

Ғылымның ғаламдық жүйелі картасын жасай білген  дархан даламыздың даңқты шоқ-жұлдызы саналған Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасын қазіргі таңда жете түсінуміз үшін даңғыл «Фараби жолын» салып кеткен ғалымдардың зерттеу істеністеріне сүйенуге мұқтажбыз. Бұлай айту себебім, кезінде Фараби мұралары ұмыт болып басқа ұлт өкілдерінің қанжығасында кетіп бара жатқанында білімді қазақ зиалылары өз бабамызды өз жұртына оралтуда ерен еңбек етті. Ұлы ұзтазымызды қазақ даласына оралтқан философ-ғалым Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов.

Ғалым А.Х. Қасымжанов Алматы қаласында 1931 жылдың қазан айының 19 жұлдызында дүниеге келеді. Ол мектеп қабырғасын тәмәмдап болған соң, қазіргі қара шаңырақ әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінің философия факультетіне оқуға түсіп, осы факультетті жоғары дәрежеде аяқтайды. Жас философ 1957 жылы ҚазМУ-ді бітірген соң ҚазКСР ҒА философия институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде өз ғылым жолын осылайша бастайды. Осылайша ұстазымыз А.Х. Қасымжанов ғылымның философия саласының көптеген бұралаң, қисық біткен тұстарын, түзеп, ғылыми айналымға нақтылы фактылермен айналымға қосып отырды. Ғалым қазақ философиясыныңда ұлттық болмысын жүйелі жасай алды. Оған дәлел ғалымның өз монографиялық зерттеу ізденістерінде баяндалған тарихымызда құм басқан көне көмбе жәдігерлерімізге философиялық жан бітіргенін байқаймыз. Ғалымның еңбектерінде: әл-Фараби, Қашқари, Баласағұни сынды ортағасырлық ойшылдардың еңбектерін қазақ даласындағы философиядан хабарсыз оқырмандарға жеңіл тілмен жеткізуі бұлда арыс азаматтың ғана қолынан келетін құбылыс болары хақ. Ағын Қасымжанов әлемдік деңгейде танылған ғалым. Оның шет елдерге аударылған еңбектері бүгінгі таңда жас философтардың буынын бекітуге ат салсты. 1996-1997 жылдар аралығында «Фулбрайт қоры» шәкіртақысымен Оклахома оқу орнына студенттерге дәріс оқуға шақырту алады. Ғалым үшін ешқашанда ғылым жолында кездескен қиындықтар тоқтата қоймады. Үш ай уақыт аралығында-ақ ол ағылшын тілінде дәріс оқуға қауқарлы болып шықты. Осылайша өзге мұхитқа ғылым жолында аттанып кеттеді. Ағын Қасымжанов Оклахома университетінде білім алып жатқан білімді студенттерге : «әл-Фараби және Баласағұн шығармаларындағы адамгершілік бастауы», «Дала өркениеті», «Орталық Азия саяси дәстүрінің ежелгі түп тамыры», «Орталық Азия мәдениетіне кіріспе» атты ғылыми баяндама-лекцияларын оқиды. Осылайша өз халқының, және Орта азия далалық мәдениетін кеңінен таныстырады. Осы лекциялар кейіннен кітап ретінде құрастырылып қазіргі таңда оқырман қауым, арасында ғылыми зиялы қауым арасында да сілтеме жасар нақты жәдігеріміз.

А.Х. Қасымжанов АҚШ- да «Ортағасырлық мәдениеттің қайта өрлеуі» атты ғылыми конференция отырысын өткізеді. Ғалымның бұл ұйымдастырған конференциясына ғаламның түпкір-түпкірінен ойшыл-ғалым философ, тарихшылар қатысады. Бұл канференция арқылы ғалымдар көткенген ортағасырлар дәуірі бойынша белгісіз һәм беәймілім беттеріне нақты тұжырымдар жасап өшпес еңбектердің жазылуына септігін тигізді. Ғалымның жасаған тұжырымды философиялық дәлелдемелері қазіргі таңда философ ғалымдарға темірқазық жұлдыз іспетті. Ұстазымыздың шығармашылығын үш төпқа топтастыруымызға болады:

1) Таным жөнінде теория. Бұл теория бойынша А.Х.Қасымжановтың бірнеше монографиялы зерттеу еңбектері бар.

2) Әл-Фараби мұрасы немесе фарабитану. Әл-Фараби жайлы ұстазымыздың атқарған еңбектері ұшан-еңіз.

3) Қазақ халқының ғасырлық дүниетанымы. Ұлтымыздың тарихындағы дүниетанымын философиялық методологиялық идеялық теория арқылы зерттеу ізденістер жасай білді.

1968 жылы ҚазССР ҒА Философия және құқық институнда «әл-Фараби мұраларын зерттеу» бөлімі ашылды. Бұл ғылыми бөлімнің тұңғыш басшысы болып Ағын Хайроллаұы Қасымжанов тағайындалады. Осылайша жерлесіміз, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби бабамыз жайлы зерттеу еңбек жолы басталады. 1975 жылы әл-Фараби бабамыздың туғанына 1100 жылдық мерейтойының аталып өтілуінеде ғалым мұрындық болады. Бабамыз жайлы халықаралық ғылыми конференция «Мәскеу – Алматы – Бағдад»  шаһарларында болып өтті. Осылайша бабамызды өз отанына осылайша орлту жұмыстары қарқынды түрде Алматы қаласында жүзеге асырылды. Бұл конфернцияның Кеңес одағы тұсының өзінде ақ Аламаты қаласында аталып өтілуінің себептері бар. Оның алғашқы себебі Ағын Қасымжановтың ғылыми редакциялығымен белгілі халық жазушысы Әнуар Әлімжановтың 1975 жылы шыққан «Ұстаздың оралуы» романының жарыққа шығуы еді. Дегенмен бұл еңбек оқырман қауымға сол кездегі қызыл биліктің ықпалымен таралмай қалды. Соған қарамай ғалымның көп жылғы істеністері нәтижесі ретінде 1975 жылы Мәскеу қаласында белгілі шығыстанушы ғалым Б.Г. Гафуровпен А.Х. Қасымжановтың орыс тілінде шыққан «Аль-Фараби в истории культуры» («әл-Фараби мәдениет тарихында») атты кітабы араб-мұсылман философия әлемінде үлкен құбылыс болды.

Ағын Қасымжанов:

1)1976-1977 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетінің деканы.

2) 1977-1993 жылдар аралығында ҚазМУ жанындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру институтының директоры.

3) 1983-1986 жылдары ҚазМУ-дың философия тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызметтер атқарады.

Осы жылдары республикамызда болып жатқан желтоқсан оқиғасына байланысты қызметтен шеттетіледі. Осылайша 1987-1993 жылдары Алматы зооветеринарлық институтында профессор болып қызмет атқарады. «Ақыл» деп аталатын ғалымдардың ассоциацасын құрып, «Гумилев оқулары» атты халықаралық ғылыми семинарларын өткізді. Бұл семинарларға Ресейден, Венгриядан, Германиядан атақты ғалымдар легі қатысты.

1993 жылы Ағын Қасымжанов ҚазҰУ-дың жанында әл-Фараби ғылыми орталығын құрды. Ағын Қасымжанов қай қызметте болсада өз ұлтының мүддесі үшін ерен еңбек етіп, фарабитануды кеңінен зерттеді. Оның әл-Фарабиге арнаған 4 монография, 10 кітапша, 30-дан астам ғылыми тұжырымды мақалалары арналды.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өшпейтіні» секілді еліміздің сан ғасырлық дүниетанымымызды ғылыми философиялық тұжырым жасай біліп, көне ортағасырлық жәдігерлерімізді қайта оралтып, соның үшінде Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби бабамызды отанына оралтқан заңғар азамат, профессор-ғалым Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов ел жадында қалатыны сөзсіз.

Жақыпбек Алтаев,

Философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының профессоры, әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі

Қанат Алтынбеков,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультетінің 4-курс студенті, ҚР дарынды жастарының «Алтын төсбелгісінің» лауераты.

1289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз