Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Қараша, 2021

Месси жетінші рет «Алтын доп» иегері атанды

«Пари Сен-Жермен» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері атанды.

Футболшыға берілетін ең атақты жүлдеге дауыс беруде екінші орынды «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски алды. Үшінші орында – «Челси» ойыншысы Жоржиньо.  

Кейінгі рет «Алтын допты» алған Месси еді, ол бұл жүлдені 2019 жылы иеленген. 2020 жылы жүлде пандемияға байланысты ешкімге табысталмады. 

Осылайша, Месси бұл жүлдені жетінші рет алып отыр. 

Еске салайық, 2021 жылы Месси Аргентина құрамасымен бірге алғаш рет Америка кубогында топ жарған. Ал Левандовски «Бавария» сапында Германия чемпионы атанып, Бундеслигада 41 гол соққан. Жоржиньо болса, Италия құрамасымен Еуропа чемпионатында, «Челсимен» Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен. 

644 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз