Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 30 Қараша, 2021

Ақшаны қате аударған жағдайда қалай қайтару керек?

Карта немесе терминал арқылы ақша аударған кезде жеке деректерді дұрыс термей, қаражатты басқа адамға аударып қойған кезіңіз болды ма? Немесе сіздің шотыңызға белгісіз жаннан ақша түскен болар...Олай болса, Dauletten.kz қаражатты қате аудару мен картаңызға ақша түскен жағдайда не істеу керектігі жайлы бірқатар кеңестер ұсынады.

Жеке деректерді қате теріп, ақшаны басқа адамға аударған кезде қаражатты қайтару қиын. Десе де, ақшаны кері қайтарудың бірнеше амалы бар. Сіз ақша түскен адаммен байланысып, соманы өз еркімен қайтаруды сұрай аласыз. Ол адам ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы арыз беру керек. Қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю»  ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз өз ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.

Егер сіз картаның немесе шотты қате теріп, ақшаны басқа адамға жіберген болсаңыз, банкке хабарласыңыз. Банк қызметкерінен ақшаны қалай қайтаруға болатынын сұрауға болады. Себебі, әр банктің бұл мәлелені шешу бойынша қызметі әртүрлі. Десе де, қате жіберілген әр шоттағы қаражат ақшаны алушының келісімімен ғана қайтарылады.

Ал ақша басқа біреудің телефон нөміріне жіберілген жағдайда банк оны қайтармайды. Яғни, сіз телефон нөмірі бойынша жедел ақша аудардыңыз, бірақ нөмірді қате теріп қойдыңыз. Ақшаны кері қайтарудың басты қадамы - байланыс нөміріне хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіру. Өзіңіздің алаяқ емес екеніңізді дәлелдеу үшін жеке шотты тексеріп көруді, сондай-ақ қаражат кімнің атынан түскенін айтыңыз.

Егер қаражат алушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартса, сіз сотқа шағым бере аласыз. Бірақ бұл іс сіздің уақытыңыз бен шыдамдылығыңызды қажет етеді. Сотқа аталмыш соманы қате жібергеніңіз туралы сенімді дәлелдер ұсынуыңыз керек. Мысалы, сіз ақша аударғыңыз келген досыңыздың телефон нөмірін немесе карта деректерін көрсетіп, саннан қате кеткенін айтуға болады. Сондай-ақ сіз ай сайын белгілі бір соманы бір шотқа аударғаныңызды және осы айда кездейсоқ басқа адамға жібергеніңізді көрсететін шоттан үзінді көшірмені бере аласыз. Ұялы байланыс операторына хабарласу арқылы бұрын ол адаммен байланыс болмағанын және қаражатты қате аударғаннан кейін ғана қоңырау соққаныңызды дәлелдей аласыз.

Ал қаражат сіздің шотыңызға түссе, ақшаны қате аударған адам хабарласқан жағдайда қайтарып бере аласыз. Бірақ қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін шотыңыздағы қаражатты тексеріп алыңыз. Сондай-ақ қаражат кімнің атынан түскенін қоңырау соққан адамнан сұрау керек. Көп жағдайда алаяқтар банктер мен басқа қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға белгілі бір соманың түскені туралы SMS хабарлама жібереді. Содан кейін олар қоңырау шалып, ақшаны қайтаруды сұрайды. Сондықтан, кері аударым жасамас бұрын, қаражаттың нақты келгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін мобильді банкинг қосымшасы арқылы немесе банк операторына ресми нөмір бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ ақшаның кімнен және қашан жіберілгенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді көшірмені қараңыз.

1045 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз