Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2021

2021 жылы волонтёрлерді қолдау мақсатында 24 мың іс-шара өткізілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Волонтёрлердің халықаралық күніне арналған қорытынды конференция барысында айтылды.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким, АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, өңірлік фронт-офистер мен ҮЕҰ өкілдері қатысуда.

Кездесу барысында қатысушылар өңірлік Фронт-офистердің жұмысы және 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етіп, волонтёрліктің қызықты тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы, қатысушылар пандемия кезіндегі волонтёрлік мәселелерін, волонтёрлікті одан әрі де қолдау шаралары мен волонтёрлік қызметтін жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, конференцияда волонтёрлікті қолдаудың бірыңғай стандартын, волонтёрлік қызметтің түрлі бағыттары бойынша оқыту бағдарламасын, сондай-ақ озық тәжірибе жинағын таныстыру жоспарлануда.

Мадияр Қожахмет волонтёрлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, волонтёрліктің әлемдегі маңызды рөлін атап өтті. Атап айтқанда, ол жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, волонтёрлердің құқықтарын кеңейту және ынталандыру мәселесіне заңнамалық түзетулер енгізу қаралып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, волонтёрлікті қолдау стандарты мен арнайы дайындық бағдарламасы әзірленуде. Алдағы ауқымды мақсаттардың қатарында Мадияр Қожахмет Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ волонтёрлерін жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы бастамасын іске асыруды атады.

«Волонтёрлік күнделікті қоғамдық, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді шешуде үнемі алдыңғы қатарда. Бұл қарапайым азаматтардың баға жетпес еңбегі және нағыз патриотизмнің символы. Мемлекет волонтёрлікті азаматтық қоғамның ауқымды институты ретінде қолдауды жалғастыруды көздейді. Бұл біздің халқымыздың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді», - деді ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.

Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ және «Birgemiz» республикалық волонтёрлер Фронт-офисі бірлесіп ұйымдастырды.

169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *