Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қараша, 2021

Қостанайда мобильді кино фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Қостанайда Қазақстана Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында алғаш рет Республикалық мобильді кино фестивалі өтті.
Аталған фестивальдің мақсаты – өңірлерде креативті өндірісті дамыту, сондай-ақ, дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Фестиваль идеясының авторы – белгілі қазақстандық продюсер және сценарист, «Аға» фильмінің режиссері Фархат Серкебаев. Фестивальді Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, сондай-ақ, режиссер және сценарист Фархат Серкебаев ұйымдастырды.

Фестиваль басталар алдында баспасөз конференциясы өтіп, онда бастамашылар облыстық БАҚ өкілдеріне мобильді кино фестивалінің тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Жалпы, Мобильді киноның бірегей ерекшелігі – ресурстар тұрғысынан да, смартфонның үнемі қалтада болуы тұрғысынан да барлығына қолжетімді. Сондай-ақ, ең басты «фишка» - оның шынайы авторлық сипатында және шығармашылық қиялды іске асыру мүмкіндігінің шексіздігінде.

Em1fQ3T4fFQ.jpg

Мобильді фильм түсіруші кез келген үміткер сценарист, режиссер, оператор, монтаждаушы және тіпті актерлік шеберлігін 5 минуттан аспайтын туындысында біріктіріп, жан-жақтылығын көрсетуі керек. «Мобильді киноның және мобильді контенттің басқа да түрлерінің берері не?» деген көпшілікті ойлантуы мүмкін. Мұның басты мәні – жаңа заманауи визуалды тілді, жаңа оқиғаларды, кейіпкерлерді, үлкен камераларға түсіру мүмкін бола бермейтін жағдаяттардың ерекше нұсқаларын іздеу.

Мобильді кино фестиваліне барлығы 218 қатысушының жұмыстары қабылданып, оны құрамына «Қазақфильм» АҚ Вице-президенті Айдархан Әділбаев, актер Мұрат Бисенбин, блогер және актриса Айнұр Нұрсейітова, режиссер, продюсер және сценарист Фархат Серкебаев, актер және режиссер Төлепберген Байсақалов енген фестивальдің қазылар алқасының мүшелері саралады.

Қазылар алқасы 40 номинанттының есімін анықтады (8 аталымның әрқайсысына 5 номинанттан) анықтады. Нәтижесінде қазылар алқасының ортақ ұйғарымымен, төмендегі қатысушылар мобильдік кино фестивалінің жеңімпаздары атанды:

• «Үздік мотивациялық фильм» аталымы – Төрехан Жұман (Қостанай қ.);
• «Үздік актер» аталымы – Данил Ибрашев;
• «Үздік сценарист» аталымы – Вячеслав Тарасенко;
• «Үздік операторлық жұмыс» аталымы – Уәлихан Ырысалды;
• «Үздік режиссура» аталымы – Евгений Канашкин;
• «Үздік әлеуметтік фильм» аталымы – Оңғар Бауыржанұлы;
• «Үздік комедия» аталымы – Дамир Бектұрғанов;
• «Көрермен көзайымы» сыйлығы – Дәулет Масқатов;
• «Қазақфильм» студиясының арнайы сыйлығының иегері – «Түнгі ауысым» фильмі үшін Айдар Жұмаділов.

Жеңімпаздарға қазылар алқасы, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов марапат табыстады.
Фестиваль соңында ұйымдастырушылар осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор қолдау көрсеткен демеушілерге Алғыс хат табыс етті.

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз