Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қараша, 2021

Петропавлда Қазақстан тарихы мен Елбасының өмірбаянына арналған онлайн викторина өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында ZOOM платформасында онлайн форматта жастармен зияткерлік ойын өтті. Ойынды Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

«Тұңғыш Президент күні – бұл тәуелсіздік жылдарындағы өткен жолды, барлық қазақстандықтардың мемлекеттілікті нығайту жөніндегі бірлескен еңбегі мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың елдің дамуына қосқан зор үлесі туралы еске салатын мереке», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Зияткерлік ойынға 5 команда қатысты: Әділет департаментінің командасы, қоғамдық даму және ақпарат орталығының командасы (ЦОРИ), Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы, СКУ колледжінің еріктілер, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің командасы.

WhatsApp Image 2021-11-29 at 11.27.19 (1).jpeg

Қатысушылар үш раундтан өтті: «Қазақстан тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан, «Тұңғыш Президент» (әр раундта сұрақтардың 5 санаты бойынша).
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын-ЦОРИ командасы;
2 орын- М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж командасы;
3 орын-Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен марапатталды. Іс-шараны онлайн форматта өткізгеніне қарамастан, командалардың бәсекелестік рухы мен ұйымшыл атмосферасы сезілді.

408 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз