Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Қараша, 2021

Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады.

30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы «Бибиэйбат» авицаиялық полигонында оқу-жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.

Тікұшақ экипажы мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратураның басшылық құрамы жүр. Осы жағдайға байланысты бірлескен тергеу жүріп жатыр.

792 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз