Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қараша, 2021

Ақтауда "Қуанышты күн" қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

1 желтоқсан тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚХА “Достық” үйінде "Қуанышты күн" қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. 6 ерекше бала сахнаға шығып өнер көрсетті. Би билеп, ән айтып, маңғыстаулық ақындардың өлеңін мақамына келтіріп оқыды. 100-ге жуық бала көрермендер қатарын толықтырды. Шараға қала әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов қатысып,балаларға сәттілік тілеп,бақытты балалық шағының қамсыз өтуіне тілегін жеткізді. Айта кетейік, Қайырымдылық шара осымен он бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

image-29-11-21-05-45.jpeg

Шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарын қоғамға тарту, көңіл бөліп, қуаныш сыйлау. Балалар бұған дейін сурет салып, дәрігерлерден кеңес алып, түрлі шараларға белсенді араласты. Айта кетейік, "Қуанышты күн" қайырымдылық шарасының қорытындысы желтоқсанның 26-сы өтеді.

Амангүл ЖАЙЫЛХАНОВА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ
Бүгінгі "қуанышты күніміз" бұл өте ерекше. 11 ай бойы біздің осы шараға қатысқан балалардың ішінде өте таланатты, ән айтатын, би билейтін, сондай керемет балаларды анықтадық. Ол балалардан арманыңыз қандай деп сұрағанда олардың арманы сахнаға шығу екен. Бүгін біз сол балаларымыздың арманын орындап өзіміздің өлкемізге танымал, халықаралық деңгейдегі өзіміздің мақтанышымыз Серік Сариевтың ұйымдастыруымен үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырып жатырмыз.

437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз