Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Қараша, 2021

Бұрынғы UFC жұлдыздары Хабибтің лигасында өнер көрсетеді

Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle FC лигасының алдағы жоспары туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, промоушен 2022 жылы АҚШ-та дебют жасайды. Сонымен қатар бірнеше бұрынғы UFC және Bellator жұлдыздары ресейлік лиганың қатарына қосылады.

«Желтоқсан айында Мәскеуде үлкен турнир өткізуді жоспарлап отырмыз. Келесі шоу қаңтар айының соңында Майамиде өтеді. Мен әзірше есімдерді атағым келмейді, бірақ біз бірнеше жұлдызбен келісімшарт жасастық. 15 қаңтарда Майамиде үлкен баспасөз мәслихатын өткіземін, бұл туралы сол кезде айтамын.

2022 жыл Eagle FC үшін аса маңызды жыл болады. Біз әлемнің түкпір-түкіпінен 15-тен астам файтермен келісімшарт жасаймыз. Олардың арасында жас файтерлер және бірнеше бұрынғы UFC және Bellator жұлдызы болады. Бірнеше үлкен турнир өткіземіз, олардың кейбірі Майамиде өтеді», - деді Нурмагомедов ESPN MMA YouTube арнасына берген сұхбатында.

778 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз