Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2021

ХҚКО-лар қай күндері жұмыс істемейді?

Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсан күні Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды kazgazeta.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 Бүгінгі таңда елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 32 мамандандырылған бөлім бар. Онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.

 «Біз қазақстандықтарды желтоқсан айында атап өтілетін мерекелерімен құттықтаймыз. Көпшілік демалыс және мереке күндеріне дейін барлық құжатын түгендеп-жинастыруға, қандай да бір анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс», – деді мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.

 

697 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз