Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2021

Денсаулықты сақтау – өз қолымызда

Алматыда ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Жаһандық Қордың 2020-2021 жылдарға арналған Грантын жүзеге асыру аясында «ТБ, ТБ/АҚЖТ/Ковид саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын кұшейту» тақырыбында адвокациялық кеңес-жиын өтті.

Адвокациялық кеңес-жиын аясында денсаулық сақтау министрлігінің, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының, ҚР ДСМ ҰФҒО, Алматы қаласы әкімдігінің, ішкі саясат басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, қоғамдық денсаулық басқармасы фтизиопульмонология орталығы,Алматы қаласы Азаматтық Альянсы мен Жаһандық Ұор грантын жүзеге асыру тобының басшылары мен өкілдері қатысты. Жиын барысындақұзырлы орган өкілдері мен денсаулық сақтау саласының мамандарынан туберкулез және КОВИД-19 індеті бойынша мәселелер жан-жақты талқыланды.    

«Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы» мекемесінің директоры Мәлік Әденов елімізде туберкулезбен ауыратындардың саны жылдан-жылға азайып келе жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар ол соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезден қаза табатындардың саны 5,6 есеге азайғандығын тілге тиек етті. Қазақстандағы «туберкулез» компоненті бойынша ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Ғаламдық қордың  менеджері Шахимурат Исмаилов, Алматы қалалық «Фтизиопульмонология орталығы» мекемесінің бас дәрігері Жанар Сәпиева және тағы да басқа білікті мамандар құрт ауруы, КОВИД-19, ВИЧ, СПИД және басқа да көптеген ауруларға қарсы қалай тосқауыл қою керектігі жайлы өз ойларын ортаға салды.                                             

Туберкулезге қарсы күресте ҮЕҰ-ның атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Әртүрлі жобаларды аздаған қаржымен атқарып жатқан ҮЕҰ елімізде құрт аурын өршітпей, уақытында тосқауыл қойып келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 22800-ге дейін артты. Қоғам үшін маңызды қызметтер тізбесін іске асыратын ҮЕҰ-ның жаңа табысты бастамалары пайда болды. Азаматтық қоғам ұйымдары өз қызметін қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, медицина, мәдени салаларында жүзеге асырады. Кез-келген мемлекет қазіргі проблемаларды шешуге ықпал ете алатын қоғам ішінде құрылған ұйымдармен тұрақты серіктестікті қажет етеді. Мұндай ұйымдардың болмауы қоғамның дамуындағы прогресті мүмкін емес етеді.     

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз