Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 30 Қараша, 2021

Домбырашылар флеш-мобы күй тарту етті

1 -Желтоқсан  Тұңғыш Президент- Елбасы  күні қарсаңында  оңтүстік астананың жүздеген тұрғындары мен қонақтары "Апорт молл"  сауда-  орталығында Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  домбырашыларының халық аспаптар флешмобын  тамашалады.

 Жиналған көрермендердің алдында Зияткерлік мектебінің  "Нұр сазы" халық аспаптар оркестрі  әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерімен қатар, танымал композиторлар Нұрғиса Тілендиев пен Әбдімомына Жілдебаевтың   туындыларын орындады.

  Көрермендер Н.Тілендиевтің "Аққу", "Ата толғауы", А.Жілдебаевтың "Ерке сылқым" күйлерін жылы қарсы алды. Домбырашылардың флешмобын мектептің вокалистері  қолдады. Мерекелік шара қарсаңында "Жұлдыздар жарқырайды" Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында 1- орынға ие болған "Rahym' s club"  хореографиялық ансамблінің  билері мерекелік концертке ерекше айшық берді.

Алматы NIS-тің  10 сынып оқушысы Богдан Миронов алғаш рет ауқымды шараға қатысып, оркестрмен бірге күйлерді орындағаннан ерекше әсер алғанын айтады:

  • Мен 7-ші сыныпта Зияткерлік мектеп қабырғасында домбыра тартуды үйрендім. «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрінде биылдан бастап ойнап жүрмін. Күйлердің барлығы маған өте ұнайды. Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғау» күйі  ерекше толғандырады,- деді зияткер.   

 

1054 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз