Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қараша, 2021

Түркістанда облыстық ата-аналар форумы өтті

Бүгін «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасы аясында Түркістан облысының ата-аналар форумы өтті, * деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Мұндағы мақсат «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасын қорытындылап, қол жеткізген нәтижелермен бөлісу, өзекті мәселелерге қоғам назарын аудару және болашаққа жоспар жасау болды. Қазіргі таңда еліміздегі жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық мәселесі өзекті тақырыпқа айналған. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының осыдан үш жыл бұрын берген деректері бойынша Қазақстанда әрбір бесінші оқушы құрдастары тарапынан психолгиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен.

Бұл бағдарлама мектеп ұжымдарының, оқушыларының, ата-аналар комитеттерінің әлеуетін арттыру арқылы отбасындағы және мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмауға ықпал жасауға бағытталған. Аталған форумға облыс әкімдігі, адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және білім қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастықтары қатысты.

 

947 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз