Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Желтоқсан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент - Елбасы туралы кітабы португал тілінде шықты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабы португал тілінде шықты, деп хабарлайды ҚазАпқарат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабы оқырман қауымға кеңінен танымал. Бұл іргелі еңбекте қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаған көрнекті саясаткердің өмір жолы баяндалады. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл кітабында тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сындарлы сәттерге, атап айтқанда, жас мемлекеттің қалыптасу кезеңіне, ел астанасының көшірілуіне, саяси және экономикалық реформаларға, сыртқы саяси аренадағы алғашқы қадамдарға ерекше мән берген. Елбасы уақыт сынына абыроймен төтеп берді. Бұл кітап жарық көрген сәттен әлемге Қазақстан саяси әдебиетінің жарқын көрінісін паш етті. Сонымен қатар шет мемлекеттерде де зор қызығушылық туғызды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабының бүгін, яғни Тұңғыш Президент күні Лиссабонда португал тілінде жарыққа шығуының символдық мәні зор. Осы айтулы оқиға Қазақстан мен Португалияны одан әрі жақындатуға септігін тигізіп, шетелдік оқырмандарға еліміздің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін таныта түспек.

 

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз