Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Желтоқсан, 2021

Бүгін елімізге AIBA президенті келеді

(AIBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Уумар Кремлев бүгін Қазақстанға ұшып келеді. Бұл туралы Қазақстан Бокс Федерациясы хабарлады.

Умар Кремлевтың Қазақстанға келудегі басты мақсат – республикадағы боксты дамыту және бірлесіп жұмыс істеу.

Екікүндік бағдарлама барысында, AIBA басшысы ҚР премьер-министрі Асқар Маминмен кездеседі. Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевпен және Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевпен кездесу жоспарланған,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Умар Кремлев елордалық боксшылармен «Астана-Арена» стадионында жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/bugin-elimizge-aiba-prezidenti-keledi/

616 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз