Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Желтоқсан, 2021

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен кездеседі

Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, алматылық клуб А тобында сынға түседі. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары. Бүгін «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен шеберлік байқасады.

Ойын елорда уақытымен 16.50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«ВитЭн» 1997 жылы құрылған. Содан бері өз елінің 4 мәрте чемпионы атанды. «Қайрат» бұдан кейін 3 желтоқсанда «Аньер-Вильнев» клубымен кездессе, 5 желтоқсанда «Тюмень» клубымен ойнайды.

Айта кетсек, алматылық команда жарыстың аталған сатысынла 15 мәрте қатысуға мүмкіндік алды.

Еске салсақ, алматылық клуб бұдан бұрын жарыстың негізгі сатысында Чехияның «Пльзень» және Ресейдің «Тюмень» клубтарымен 3:3 есебімен тең ойнап, Италияның «Пезаросын» 3:2 есебімен сүріндірді. Осылайша 5 ұпаймен өз тобында кқш бастап, жарыстың келесі сатысына шықты.

426 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз