Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 02 Желтоқсан, 2021

Адамның өмірдегі ең үлкен қателігі не?

Адамның өмірдегі қас дұшпаны — тек өзі. 

Адам өміріндегі кешірілмес ақымақтық — жалған сөйлеуі. 

Адам өміріндегі ең үлкен жеңіліс — менмендікке ұрынуы. 

Адам өміріндегі ең ұлы қасірет — көреалмаушылық. 

Адам өміріндегі үлкен қателік — өзін жоғалту. 

Адам өміріндегі ең үлкен күнә — разылық білдірмеуі. 

Адам өміріндегі ұлы өкініш — арына түскен дақ.

Адам өміріндегі бағалауға лайық қасиет — сүрініп кетсе де қайта тұруы. 

Адам өміріндегі орны толмас қайғы — үміттің өшкені. 

Адам өміріндегі ең ұлы жетістік — денсаулық пен ақыл. 

Адам өміріндегі ең үлкен қарыз — шынайы сезім. 

Адам өміріндегі ең ұлы сый — жомарттық. 

Адам өміріндегі ең үлкен кемшілік — түсінбеушілік. 

Адам өміріндегі ең тамаша жұбаныш — елге жасаған жақсылығы. 

 

 

Аударған Ш.Әбілда

 

2218 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз