Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Желтоқсан, 2021

Алматыда 5G желісі қай жерлерде қосылғаны белгілі болды

Алматы қаласы Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев қалада 3 оператор пилоттық режимде 5G желісін қосқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатқан.

Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне көп көңіл бөліп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұматты бере алады. Оның үстіне бұл желі кешкісін телефон арқылы сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді,-деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол қаладағы адам көп жиналатын орындардағы интернетті тарату желісін сапалы ете түсетіндерін жеткізді.

5G желісі қосуда қалаға ешқандай шығын келмейді, оны операторлар өздері орнатып жатыр,-деді Қоңырбаев.

Baq.kz

 

580 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз