Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Желтоқсан, 2021

«Жыл еріктісі» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Павлодар Қазақстанның ең белсенді волонтерлерін, волонтерлік ұйымдардың мүшелерін, шетелдік волонтерлер ұйымдарының өкілдерін және Қайырымды істер марафонының қатысушыларын біріктірді.

2 желтоқсанда Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында 6 аудитория жұмыс істеді. Мұндаа волонтерлер мен іс-шараға қатысушылар үшін бір уақытта шеберлік сыныптары мен ворк-шопалар өткізілді.

Алаңдарда «Ұлттық Делфий комитеті» КҚ директоры, «Ерекше актерлер театры» мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі оқу құралының авторы Құралай Түспекова, коммуникация жөніндегі маман Әлішер Елікбаев, медицина докторы, биолог, ғылыми популяризатор және «MedSupportKZ» ҚҚ дәрігерлері мен ғалымдары қауымдастығының басшысы Ботагөз Каукенова және басқалар дәріс оқыды. Тыңдаушылар үшін менторлар мен тренерлер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде «Экология өмір салты ретінде», «ЭТНО бағыттағы жобалар», «Төтенше жағдайдағы еріктілік», «Фандрейзинг», «Инклюзивті қоғамдастық», «ERG КӘЖ көшбасшысы ретіндеһ», «Коммерциялық емес секторға арналған маркетинг», «Жобалық басқару», «Гранттық қаржыландыру», «Халықаралық волонтерлік», «Инклюзивті театр», «Волонтерлік желілерді ұйымдастыру», «Медицинадағы волонтерлік» тақырыптарында дәрістер мен тренингтер өткізді.

Сонымен қатар, мұнда «Жыл еріктісі» халықаралық байқауының жеңімпаздарына, сондай-ақ БҰҰ еріктілер бағдарламасының 50 жылдығына орай бекітілген сыйлықтың иегерлеріне құрмет көрсетілді.

Жылдың үздік еріктілерін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов құттықтады.

«Қазіргі заманда ерікті болу – ерлікпен тең. Волонтерлердің арқасында қоғамның ең өзекті әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіліп, қоршаған ортамыз күн сайын жақсаруда. Бұл қанымызға сіңген асыл қасиеттеріміздің сарқылмағанын көрсетеді.

Сіздердің қоғамдық қызметтеріңіз алдағы уақытта волонтерлік саласын заңғар биіктерге шығаратынына сенімдіміз.

Айтулы сәтті пайдалана отырып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын», - деді Болат Тілепов.

Вице-министр, сондай-ақ, волонтерлерді қолдау бағытында мемлекет жүргізіп жатқан жұмысқа да тоқталып өтті.

«Өздеріңізге мәлім, Президент нұсқауы бойынша үш жылға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасы қабылданды.

Сонымен бірге, волонтерлікті қолдау Стандарты мен Волонтерлерді арнайы даярлау бағдарламасы әзірленуде.

Волонтерлікті ынталандыруға бағытталған бірқатар заңнамалық жаңашылдықтар Парламентте қаралып жатыр.

Атқарылып жатқан жұмыстар волонтерлікке деген қызығушылықты оятып, әрбір азаматтың бойына туған еліне деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыруға бағытталады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Халықаралық еріктілер күні қарсаңында еліміздің болашағы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген барлық волонтерлерге толағай табыстар тілеймін», – деп түйіндеді сөзін ол.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас еріктілердің қызметі елдегі өзара көмек мәдениетін дамыту үшін өте маңызды екендігін атап өтеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының арқасында 2020 жылы атап өтілген еріктілер жылы еліміздің барлық волонтерлік ұйымдары белсенді ат салысқан «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы түрінде қисынды жалғасын тапты. Бүгін бәріміз бірге жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген жаңа қоғам құрып жатырмыз. Бұл қоғамда әр қазақстандық жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өмірінің бір бөлігіне жақсылық жасауға ұмтылады», - деді ол.

Айта кетейік, «Жыл волонтері» – әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен еріктілер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған Халықаралық сыйлық.

Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер қатыса алды.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Ол Еуразиялық топтың қолдауымен жалпыұлттық жоба «Қайырымды істер марафонының» аясында өтті.

737 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз