Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Желтоқсан, 2021

Египетпен арадағы әуе қатынасы тоқтатылды

Коронавирустық инфекцияның жаңа «Омикрон» штаммының пайда болуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайты.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына «Эйр Астана» және «SCAT» әуе компаниялары орындап келді. Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған әуе компанияларының рейстерімен елге жеткізіледі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19-ға ПТР әдісімен тапсырылған тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, вакцина алған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек. Рейстердің орындалатын күндері туралы толық ақпарат алу үшін жолаушылар турды немесе әуе билетін сатып алған орынға хабарласуы қажет.

529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз