Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Желтоқсан, 2021

Аймағамбетов: Балалар үйлерінің саны 210-нан 89-ға қысқарды

Соңғы 10 жылдың ішінде балалар үйлерінің саны 210-нан 89-ға қысқарды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Балалар үйіне қатысты айтар болсам, бұл өте маңызды міндет. Мен соңғы 10 жылғы деректерді ғана айтайын. Соңғы 10 жылдың ішінде балалар үйлерінің саны 210-нан 89-ға қысқарды. Өздеріңізде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін көріп отырсыздар. Егер 2010 жылы балалар үйлерінде 14 мың бала тәлім-тәрбие алса, бүгінде олардың саны 4 мыңнан сәл ғана асады», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, бұл - бүкіл мемлекеттік аппараттың азаматтық қоғаммен бірге жүргізген жұмысының үлкен нәтижесі.

«Республикалық мәліметтер базасы құрылды. Отбасылық балалар үйі, отбасылық үлгіде тәлім-тәрбие беру жұмыс істеп тұр. Бала асырап алуды да дамыта түстік. Жеке бастамалар, мәселен «Ана үйі» сынды институттар балаларды балалар үйінен алып, отбасыларына орналастырады. Ослайша, бүгінде бұл бағытта үлкен өзгерістерді көріп отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз