Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Желтоқсан, 2021

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында аптасына 2 тұрақты әуе рейсі жасалуда, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағыт бойынша аптасына 2 тұрақты рейс орындауды бастады» делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.







482 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз