Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Желтоқсан, 2021

Қостанайда машина жасау өндірісі ұлғайтылмақ

Машина жасау саласында 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы осы өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Машина жасау саласына жеке тоқталғым келеді. Есепті кезеңде мұнда (жыл басынан) 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсімі - 17,7 пайыз. Автоөнеркәсіп 2021 жылдың наурыз айынан бастап KIА маркалы автомобильдерді құрастыра бастады және осы жұмыс істеген кезеңде 7 863 көлік шығарылған. Биылғы шілде айында «АвтоВаз» және «Renault Россия» компанияларымен бірлесіп, LADA автомобильдік желісінің және Renault автомобильдерінің өндірісі жолға қойылды», - деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, кәсіпорын шағын тораптық әдіспен (CKD) автомобильдер өндірісі жобаларын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы – 44 115 көлік құрастырылып, оның 6 мыңнан астамы экспортқа жіберілген.

 

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз