Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Желтоқсан, 2021

СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды

Солтүстік Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 3 мыңға жуық адам салдырды, екпе алғандардың ішінде жасөспірімдердің үлесі басым. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 2718 адам Pfizer вакцинасын алды. Олардың 2062-сі – жасөспірім, 582-сі – бала емізетін ана болса, 74-і – жүкті әйел.

Петропавл қалалық №2 емханада Pfizer вакцинасын қоюға арнайы екпе кабинеті ашылған. 15 қарашадан бастап бұл жерде 184 бала, 3 жүкті әйел мен 32 ана екпе алды. Бүгін мұнда Петропавлдың 14 жастағы тұрғыны Томирис анасы Күлімкөз Смаиловамен келді. «Мемлекет тарапынан қазір өте қымбат тұратын, бірқатар тексерістен өткен Pfizer вакцинасы біздің балаларымызға тегін қойылып жатыр. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, балаларымызда қауіпті вирустан сақтауға барынша жағдай жасауымыз қажет. Өйткені олар қазір мектепте оқиды, қоғамдық жерлерге бармай тұрмайды. Қауіп-қатер өте көп. Сондықтан да балаларымызды қорғауымыз керек», - дейді Күлімкөз Смаилова.


inform.kz

614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз