Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Желтоқсан, 2021

Жамбыл облысында асар əдісімен 156 үй салынды

Жамбыл облысында қазақтың көне дәстүрі жаңғырып, көп балалы отбасылар мен тұрмысы төмен мұқтаж жандар баспаналы болып жатыр. Аймақта «Асарлатып үй салу» жобасы аясында былтырдан бері 156 отбасы қоныс тойын тойлады. Кезекті тұрғын үй Шайқорық ауылында табысталды.

Димаш тағдырдың тауқыметімен ата-анасынан ерте айырылған жігіт. Ол бұған дейін екі бөлмелі мына ескі сарайда тұрып келген. Оның жағдайын ауылдастары байқап, асарлатып үй салып беруді ұйғарған. Бірі ағаш әкеліп, бірі тасы мен кірпішін түсірді. Кәсіпкер жігіттер қажетті материалға ақша берсе ауыл жастары құрылыс кезінде көмек көрсетті.

Дінмұхаммед Мақгамов, Шайқорық ауылының тұрғыны:  - Газы бәрі кірген. Ішінде жылуының бәрі жүргізілген. Ауылдың жастары көмектесті. Ағаларамыз бар атсалысып жүрген. Мереке қарсаңында үйіміздің кілтін табыстап, шүкір. Бүгін бір қуанып жатырмыз. Барлығына рақмет. Алғысым шексіз! 

Ел-жұрт болып жабылып жүріп салған міне мына үй. Бес бөлмелі баспана. Оған бәрінен бұрын Димаш ерекше қуанып жүр. Жаңа баспанасына қарап еңсесі көтерілген. Кілтін табыстау рәсіміне жәрдем берген құрдастары, көршілері келді. Ауыл ақсақалдары бата беріп, шашу шашылды.

Әбдусамат Мадияров, Шайқорық ауылының тұрғыны:  - Осы ауылдың тұрғындары кім қалай көмектесе алады. Біреуі ақшалай берді. Біреуі өз күшімен келді. Әркім өз тірліктерін бітіріп, осы жерде күн демей, түн демей шүкір, қазір 5 бөлмелі үй. Іші-сырты бітіп тұр. Енді кішкене майда-шүйде жұмыстары бар. Ол жәймен біте береді....

Бұл Жамбыл ауданында «Асар» жобасымен берілген 18-үй. Он тоғызыншысы Ақбұлым ауылында салынып жатыр. Оны Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тапсыру жоспарда. Олжас Баққараев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары: - Жобаға мемлекеттен бір тиын ақша бөлінбейді. Бұл жоба тек осы ауыл тұрғындарының арқасында жүзеге асып отыр. Ақылдаса отырып өздері ауылдың бір азаматын жыл сайын таңдайды да сол азаматтарға өздері көмегін береді. Тек мұқтаж азаматтарға ғана табысталады. Яғни көп балалы аналар. Жалғызбасты аналар. Мүгедек азаматтар. Жетім балалар...   Ауылдық ағайынның қуанышы бұдан әрі қарай «Ауылым - алтын бесігім» шарасына жалғасты. Аудан тұрғындары Аса ауылында жиналып қазақы салт-дәстүрді көрсетті. Жастар асық ойнап, күш сынасты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың туындыларынан көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды.

Айта кету керек, облыс бойынша «Асарлатып үй салу» жобасымен 232 отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр. Бүгінгі күнге дейін 156 үй пайдалануға берілген. 

24.kz

827 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз