Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Желтоқсан, 2021

Мальдив аралдарында "омикрон" штамм анықталды

Мальдив аралдарында COVID-19 "омикрон" жаңа нұсқасын жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Вирусты аралға турист әкелгені хабарланды.

"Біз Мальдив аралдарында COVID-19 "омикрон" нұсқасының алғашқы жағдайын анықтадық. Бұл жағдай туристен алынған оң үлгіде жүргізілген геномдық секвенирлеу нәтижесінде белгілі болды", - деді Мальдив денсаулық сақтау агенттігінің (HPA) Twitter-дегі хабарламасында.

Бұған дейін Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альштейн коронавирустың "омикрон" штамының таралуы COVID-19 пандемиясының аяқталуына әкелуі мүмкін деп болжады.

738 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз