Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 06 Желтоқсан, 2021

Инфляциялық қысым күшейіп, тауарлар бағасы өсе түсті

Инфляциялық қысым әсерінен Қазақстанда тауарлар мен қызмет көрсетуге бағалар, бүкіл әлемдегідей, одан әрі өсуде. Инфляцияның жеделдеуінен азық-түліктік емес тауарлар мен қызмет көрсету саласында бағалар өсе түскен.

2021 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша Қазақ­стандағы айлық инфляция 0,7% құраған, ал жылға шаққандағы түрінде 8,9% құрапты. Қазіргі уақытта көтеріңкі қысымға, дамыған да және дамушы елдер арасында да, көптеген елдер душар болып отыр. Мәселен, үстіміздегі жылы қазан айының қорытындысына сәйкес, АҚШ-тағы инфляция 1991 жылдан бері алғаш рет 6,2%-ға дейін жеделдеген. Бұрыны­рақ тек 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде байқалғандай, максималдық мән­дерге жетіп, Еуропалық одақта бағалар өсімі 4,1%-ды құраған. Ресейде, мақсат­ты мәннен 2 еседен асып түсіп, қазан айының қорытын­дысы бойынша инфляция 8,1%-ға дейін өскен.

Бұл ретте азық-түлікке баға­лар әлемдік инфляцияның негізгі драйвері болып отыр. Мәселен, қазанда 11,3% құраған, тағам өнімдеріне бағалардың өсуі Қазақ­стандағы жылдық инфляция үлесінің жартысын иемденген. Азық-түліктік емес тауарларға инфляция 7,8% құраса, ақылы қызметтер сегментінде – 6,9% құрапты.

Азық-түліктің қымбаттауы инфляцияны тек Қазақстанда ғана өршітіп отырған жоқ, бұл – бүкіләлемдік тренд. Еуропалық одақта ағымдағы жылдың қа­занында азық-түлік 2,0%-ға, ал АҚШ-та 5,3%-ға қымбаттаған. Ресейде инфляциялық үдерістердің жеделдеу үрдісі өткен жылдың ортасынан бастап байқалған, бұл ретте олардың құрылымындағы бағалардың күрт өсуі нақ осы азық-түлікпен айқындалады (инфографика).

Қазақстандағы жылдық азық-түлік инфляциясының же­делдеуіне – көкөніске, соның ішінде маусым­аралық кезеңнің аяғына қарайғы солардың қат болуы аясында – ұзақ мерзім сақтала­тын (картоп, сәбіз, қызылша) кө­көніске бағалардың күрт ша­рықтауы айтарлықтай үлестерін қосты. Жаңа өнімдер түскенге дейін ішкі қорлардың таусылуы жағдайларында 2021 жылдың маусым айында осы өнімдерге бағалардың айлық өсімі соңғы жылдардағы ре­корд­тық мәнді көрсетіп, инфля­ция­ның жылдық көрсеткішінің күрт шарықтауына (бұдан бір жыл бұрынғы осындай кезеңдегіге бірден 30,6%-ға артық) әкеп соқты.

2021 жылдың қазанында көкөністі тұтыну бағаларының жылдық өсімі тежелді, бірақ әлі де болса жоғары шекте – 25,5%. Бұл ретте жылыжайларда өсірілетін көкөністің қымбат­тауы байқалады. Мәселен, жылға шаққандағы қиярдың бағала­ры 29,5%-ға, қызанаққа – 21,5%-ға өскен. Ашық топырақтағы көкөністер маусымының аяқ­талғанын, сақтау мәселелері барын, сондай-ақ жабық жылыжайлар топырағындағы көкө­ністер өндірушілері бағаларының мәні биік екендерін ескере келе, аталған көкөніске бағалардың ағымдағы дезинфляциялық сер­піні пессимистік жаққа қарай қайтадан бұрылу тәуекелі жоққа шығарылмайды (1-кесте).

Сонымен қатар еліміздегі азық-түліктік емес инфляцияның жеделдеуі сұраныс пен ұсыныс факторларының әсеріне де тәуелді. Эпидемиологиялық жағдай­ жақсаруы мен карантиндік шектеулердің біртіндеп алып тас­талуы себепті де, тұтынушылар сұранысының қалпына келуі сияқты, экономикада іскерлік белсенділік артқаны байқала­ды. Соның ішінде 2021 жылдың қазанында азық-түліктік емес тауарларға инфляцияның жеделдеуі тұрмыстық қажетті заттарға, киімге, аяқ киімге, жанар және жағар майға бағалардың өсуі себеп болды.

Жанар-жағармайдың қым­баттауы 17%-ға, соның ішінде бензинге бағалар 15,6%-ға, дизельдік отынға 24,4%-ға өскен. Отынның қымбаттауы өндірушілер баға­ларының өсуі (бензин – соңғы бір жылда 23,7%-ға, дизельдік отын – 7,3%-ға) жағдайларында орын алып отыр. Дизельдік отынның құнына экспорттың ауқымды көлемі қосымша қысым көрсетуде, ол биылғы жылдың қаңтар-тамызында, 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда, 4 есе өскен. Осыған байланысты ішкі нарықта шикізаттың тапшылығы пайда болды (2021 жылдың қаңтар–тамызында ағымдағы жылдың осындай кезеңіне қарағанда ішкі нарықтағы өткізім 4,7%-ға азайып кеткен).

Жанар-жағармай құнының өсуі инфляциялық үдерістер серпініне қосымша арта түскен қысым көрсетуде, бұл тікелей де, жанама – өндіру барысында ЖЖМ қолданылатын тауарлар мен қызметтер арқылы да көрініс беруде.

Бұған қоса ағымдағы жылдың қазанында көмірге бағалар бір айда 2%-ға артып, жылдық өрнекте 5,7%-ға дейін жеделдеген. Тұтыну бағаларының артуы – электр энергиясының, жарылғыш заттардың, жанар-жағармайдың, шахталық жабдықтардың қосалқы бөлшектері қымбаттауы, сондай-ақ қималардағы еңбекақылардың артуы аясында – өндірушілер бағаларының өсуінен (бір жылда 6%-ға) туындап отыр. Ішкі бағаларға әлемдік бағалар өсімі де қосымша қысым жасауда. Мәселен, 2021 жылдың қазанында көмірге бағалар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 4 есеге артқан. Қазақстанда шы­ғарылатын энергияның басым бөлігі көмір жағу күшімен алынатынын ескерер болсақ, көмірге бағалардың өсуі электр энергия­сына тарифтердің артуына себеп болуы да әбден мүмкін, бұл да өндірушілердің бағаларына айтарлықтай қысым көрсетпек.

Өз кезегінде, тарату жүйе­лері бойынша жеткізілетін электр энергиясы мен газға бағалар­дың өсуі аясында – ақылы қызмет­тердің жылдық инфляцисы құрылымында – реттемелі коммунал­дық қызметтерге тарифтер артты. Қазан айында электр энергиясына тұтыну бағаларының жылдық өсімі 8,6% құраған (2-кесте).

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтанды­ру және инфляцияның одан әрі жеделдеуіне жол бермеу мақсатында Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, ин­фляцияға қарсы қи­мылдауға қазір кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр. Осы шаралар барысында азық-түліктік емес тауарларға инфляцияны 2022-ші жылы 5%-ға дейін және 2023-2024 жылдары 4%-ға дейін, ал ақылы қызметтерге тарифтерді 2022-2024 жылдары 4%-ға дейін төмендету көзделген.

Жеміс-жидек және көкөніс өнімдерімен, соның ішінде маусым­аралық кезеңдері де, нарықты молық­тыруға, жекелеген азық-түлік түрлерінің (құс еті, ірімшік пен сүзбе, қант, алма, шұжық тағамдары, балық) ішкі өндірісін дамытуға, сондай-ақ жанар-жағармайға, газға, құрылыс материалдарына, газбен, электрмен және сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтерге бағалар өсімін төмендетуге жүйелі шаралар бағытталады.

Ұлттық банк қабылдайтын шаралар да, басқаларымен қоса, осы кешенді шаралардың нәтижелілігін бағалауға негізделетін болады.

ИСА ҚАМБАР

 

1194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *