Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Желтоқсан, 2021

Еуропада өткен әлем чемпионатында қарақиялық спортшы қыздар топ жарды

Польша мемлекетінің Краков қаласында "Каратэ-до Кекушенкай" спорт түрінен өткен әлем чемпионатында қарақиялық жастар топ жарды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Гүлназ Ізтаңатова қола жүлдені қанжығаға салса, 28 қараша күні Румынияның Бухарест қаласында қол күресінен өткен әлем чемпионатында Жаңғазы Гаухар ІІ орынды жеңіп алды.

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараевтың айтуынша қараша айында өткен әлем чемпионаттарына Каратэ-до спорт түрінен 32, армрестлингтен 44 мемлекеттен таңдаулы үздік спортшылар қатысқан.

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде әлемдік додаларда жеткен жетістіктеріміз өз алдына бір дара шың. Осындай көптеген мемлекеттердің ең үздік деген спортшыларының арасынан мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Спортшыларымыз Гүлназ Ізтаңатова мен Жаңғазы Гаухар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жеңісті жүлделерді тарту етті, -  деді Дүйсенбай Атағараев.

1027 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз