Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Желтоқсан, 2021

Семейде бүгін бірінші ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды

Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оған сенсек, 2021 жылғы 7 желтоқсан күні Семей қаласында ауа райы күрт суытып, қалада көктайғақ болады.

Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Оқушылар сабақты онлайн форматта қашықтан оқиды.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын.

547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз