Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 07 Желтоқсан, 2021

«Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау басталды

Елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы жарлығы бойынша «Алтын сапа» сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін берiледi.

Сыйлық жыл сайын төрт номинация бойынша үш санатта тағайындалады. Олар: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»; «Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын»; «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын». Әр номинация бойынша мынадай cанаттар бойынша үш жүлде беріледі: Шағын кәсіпкерлік субъектісі; Орта кәсіпкерлік субъектісі; Ірі кәсіпкерлік субъектісі.

«Алтын сапа» сыйлығы байқауына Қазақстан Республикасы аумағында қару-жарақ және әскери техникаларынан басқа тауар өндірумен, қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын, оңалту және банкроттық рәсімдерді жүзеге асыруға жатқызылған ұйымдардан басқа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Марапаттау рәсімінде «Ұлы дала елі», «Іскер», «Іскерлік кемелдік» байқауларының марапаты және «Парыз» сыйлығы табысталады.

 

813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз