Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 07 Желтоқсан, 2021

Парижде Абай бюсті ашылды

Парижде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай бюсті ашылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Парижде ақын, композитор, ағартушы Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңына орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, жазушысы Александр Пушкин секілді тұлғалардың мүсіндері бар. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушы - ҚР Франциядағы елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Сурет: altay_kulginov_official 

Әкім өз жазбасында Париж қаласының мэрі Анн Идалгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойылғаны туралы да айтып өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, Астанада 30-дан аса француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, қосымша жұмыс орындарын құруға да байланысты", - деді ол.

Сурет: altay_kulginov_official

 

843 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз