Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Желтоқсан, 2021

БЕЙЖІҢ-2022 ұйымдастыру комитеті спорттық нысандардағы дайындықты бастады

Бейжің – 2022 ойындарын ұйымдастырушы комитет Олимпиада ойындарына қажетті жасанды қарды дайындап жатқанын мәлімдеді. Аталған процесс қаңтар айының ортасында аяқталады, - деп хабарлайды olympic.kz

Янцинде тау шаңғысынан, Чжанцзякоуда биатлон, шаңғы дарысы, сноуборд пен фристайлдан бәсеке өтеді. 

Айта кетелік, аталған аймақтарда қар аз түсетіндіктен, ХОК ұйымдастырушыларға жасанды қармен толтыру қажеттігін ескерткен болатын. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарында тау шаңғысы нысаны үшін қолданылған қардың 90 пайызы – жасанды қар. 

Ванкувер мен Сочи Олимпиадалары да жасанды қарды қолданған. 

Бейжің Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді. 

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз