Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Желтоқсан, 2021

Биыл Алматыда 16 мың орынды мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Алматыда 16 мың орынды мектеп пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі..

"Қазіргі кезде қалада 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 64,2%-ы және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 90,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі 41 мыңнан астам бала мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұр.

Осы проблеманы кезең-кезеңімен шешу үшін ағымдағы жылы 4 658 орындық 72 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 67-де 4 378 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 250 орындық тағы 5 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Биылғы жылы жеке меншік балабақшаларда орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы да ұлғайтылған және қала аумағында орта білім беру мекемелері пайдалануға беріледі.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс 30 460 орынды 519 жекеменшік балабақшаға орналастырылған. Қалада 360 орынды үш мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Бұл ретте, екеуі Наурызбай ауданындағы  Ақжар мен Таусамалы шағын аудандарында және біреуі Бостандық ауданында салынуда.Түрксіб ауданында 280 орынды балабақша құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, Әуезов ауданындағы Ақсай-4 шағын ауданда 315 орынды балабақша ашу жоспарлануда. Ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарылды. Желтоқсан айында балаларды қабылдау жоспарланған.

Орта білім беру саласында қазіргі кезде Алматыда 291 мектеп жұмыс істейді, оның 207-і мемлекеттік. Бұларда барлығы 303 110 оқушы оқиды, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 12 мыңнан астам оқушыға артық. Бүгінде оқушы орындарының тапшылығы – 33 812.

Осы мәселені шешу үшін «қадамдық қолжетімділік» қағидатын ескере отырып, 12 600 орынға арналған 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 5 100 орынға арналған 3 мектеп ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

8 263 орынды мектептерде 17 жаңа корпустың құрылысы жалғасуда. Бұл ретте 4 600 орынды 11 корпус бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қалған 6 – 3 663 орын - ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Жеке инвестициялар есебінен жаңа оқу жылының басында 2 656 орынды 13 жекеменшік мектеп ашылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін осы шаралар есебінен 16 019 жаңа оқушы орнын құру және орын тапшылығын 47%-ға төмендету жоспарлануда", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

732 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз