Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Желтоқсан, 2021

Алматы экономикасы 5,5%-ға өсті

Шаһардың негізгі капиталына салынған инвестициялар 873 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасы 5,5%-ға өсіп, 5,8 трлн теңгені құрады.  “Осы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 15% өсіммен 873 млрд теңгеден асты. Жыл басынан бері өнеркәсіпте 18% өсім қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін Индустриялық аймақта 519 жұмыс орнын ашатын 4 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда. Бюджетке түсетін түсімдер 28,3%-ға, 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды”, – деді мегаполис басшысы. 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, құрылыста 22% өсім қамтамасыз етілген.  Бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгені, көтерме сауда – 2,3%-ға артып, 8,7 трлн теңгеге дейін жетті. Жыл басынан бері инфляция 7,6%-ды құрады.

“Жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 1,4 есеге өсіп, 55 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні қаладағы жұмыссыздық 5,1%-ды құрайды. Үшінші тоқсанда орташа жалақы 20%-ға өсіп, 283,7 мың теңгені құрады”, – деді спикер. 
Фото: Д. Балабекұлы

821 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз