Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Желтоқсан, 2021

Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жас қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы айтты.

Бүгінде жеке тұрғын үй сатып алуға жеткілікті қаржысы жоқ 29 жасқа дейінгі жастарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен жалға берілетін пәтерлерді алу мүмкіндігі бар. Ол бойынша ең төменгі жалдау ақысы 10 мың теңгеден басталатын 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру көзделген.

2021 жылғы 15-20 қараша аралығында осы бағдарлама аясында almaty-jastary.info сайтында өтінімдерді онлайн қабылдау жүргізілді. Наурызбай ауданының «Алма сити-5» ТК және Алатау ауданының «Мәдениет» ТК-де 1050 пәтер. Байқау қорытындысы аталған сайтта 2021 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады.

Жыл басынан бері 910 отбасы баспаналы болды.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша жылына мыңдаған жеңілдетілген несиелер беріліп келеді.

Жалпы, өсіп келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандар үшін бюджет есебінен 3,2 мың пәтер тапсырылады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылды, бұл биыл 800-ден астам алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

136 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Иван

09 Желтоқсан, 2021

Здравствуйте, хотите стать дилером и получить цены с хорошей скидкой и рекламной поддержкой? Тогда скорее всего Вам будет интересно наше предложение: Завод производитель композитной арматуры и сетки Polyarm заинтересован в развитии дилерской сети. Предлагаем Вам стать дилером по продукции в Вашем городе. Вам будет предостовлятся дилерские цены со скидкой 10%-25%, рекламная поддержка, необходимые консультации, доставка. Остались вопросы? С удовольствием отвечу. Звоните! +380 (66) 745 48 88, +380 (93) 494 78 88, +380 (96) 494 78 88 Либо напишите на E-mail: [email protected] или переходите по ссылке https://polyarm.pro/