Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Желтоқсан, 2021

Жалтыр ауылында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астрахан ауданының Жалтыр ауылында инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылуы өтті.
Инклюзивті білім беру - жалпы білім беруді дамыту процесі, ол ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білімге қол жетімділікті қамтамасыз ететін барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан барлығына қол жетімділікті білдіреді.

Инклюзивті білім беруді қолдау Кабинеті Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткішін іске асыру мақсатында ашылған.

IMG_7988.JPG

Іс-шараға «онлайн» форматта Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Әсемгүл Сүлейменова, мектеп директорлары, ИББ үйлестірушілері, психологтар, білім беру мектептерінің әлеуметтік педагогтары және ата-аналар қатысты.

«Бүгінгі іс-шара біздің аудан үшін өте маңызды рөл атқарады. Мектеп қабырғасында орналасқан инклюзивтік білім беруді қолдаудың Ресурстық кабинеті ЕҚҰ бар балалардың дамуында достық атмосфера үшін бос кеңістік жасайды», - деп атап өтті Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлсім Шаяхметова.

2021 жылы облыстық бюджеттен 8 кабинет ашу үшін 83 177 мың теңге бөлінді. Облыс бойынша барлығы 15 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері бар.

1254 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз