Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Желтоқсан, 2021

Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес, КВИ-ге қарсы вакциналауға мына тұлғалар жатады:

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;

жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;

емізу кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін.

 

Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқып жатқан және тұратын студенттер де коронавирусқа қарсы вакцина алуға жатады.

Егу пункті жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағымын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады;

егу кабинетінде егілетін адамдардың және медициналық бақылаудағы адамдардың жиналуына жол бермеу;

бір мезгілде вакциналауға 3 адамнан асырмай шақыра отырып, егу кабинетінің алдында халықтың көп жиналуын болдырмай жеке вакциналау жүргізуді ұйымдастыру;

жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялар, жедел қызба жағдайлары кезінде, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар кезінде екпе жүргізілмейді;

егер жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алса, онда вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен кейін енгізіледі. Екі егудің арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптадан аспайды;

Егер екі дозада абайсызда КВИ-ге қарсы вакциналардың әртүрлі типтері енгізілсе, онда пайдаланылған вакциналардың кез келгеніне қосымша дозаларды енгізу ұсынылмайды;

«Комирнати» вакцинасын (Пфайзер, АҚШ) қолдана отырып, КВИ-ге қарсы екпе мен екпе алу туралы деректер КВИ-ге қарсы вакцинаның барлық алынған дозаларын рет-ретімен (егу жүргізілген күн, вакцинаның атауы, сериясы, өндіруші ел, доза) көрсете отырып, «Вакцинация» Модулінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз