Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 12 Желтоқсан, 2021

Неғұрлым көп оқысаң, соғұрлым аз еліктейсің

Оқу туралы...

1. Жақсы жазатын жазушыларды оқып, жақсы сөйлеуге дағдыланасың. 

2. Мәдениет — оқылған кітаптың саны емес, өзің түсінген кітаптардың саны. 

3. Кітап оқитын адамдар әрдайым теледидар көретін адамдарды басқарады. 

4. Кітап кинодан артық. Өйткені, кітап оқығанда қиялға шек жоқ. 

5. Неғұрлым көп оқысаң, соғұрлым аз еліктейсің. 

6. Адамдар екі санатқа бөлінеді: кітап оқитындарға және кітап оқығандарды тыңдайтындарға. 

7. Тиыннан теңге құралатынындай, оқыған түйірлерден тұтас білім жиналады. 

8. Миды дамыту үшін кітап оқимыз. Дене үшін жаттығу жасағанмен тең. 

9. 90 күн бойына кітап оқымай күн көргеннен де жаманы ол  90 күн кітап оқымағаннан әлем өзгермеді деген ой болса керек. ©ДжимРон

10. Кітапты өртегеннен де асқан қылмыс бар. Ол кітап оқымау. ©РэйБрэдбери 

11. Ақылды болу үшін 10 кітап оқысаң да жеткілікті. Бірақ сол он кітапты табу үшін мыңдаған кітапты кеміру керек. 

12. Кітап — ойдың кемесі, олар уақыт толқынында саяхаттап, өзінің қымбат қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші. ©ФрэнсисБэкон 

13. Сіздің болмысыңыз нендей кітап оқитыныңызбен анықталады. ©ДжимРон 

14. Кітапқа сеніңіз, олардан жақын ешкім жоқ. Керек кезде үндемейді, керек кезде алдыңа бүкіл әлемді жайып салатын сөзуар дос болады. 

 

Афоризм кітабынан

Аударған Шынар Әбілда

 

953 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *