- Qazaq gazetteri TV
- 13 Желтоқсан, 2021
«Тәуелсіздік – тірегім, мәңгілігіңді тіледім!» атты көрме ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай, «Тәуелсіздік – тірегім, мәңгілігіңді тіледім!» атты студенттермен мен магистранттардың шығармашылық көрмесі ашылды.
Көрменің ашылу салтанатының алғы сөзін журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев құттықтау сөз сөйлеп, көрменің мәні мен мазмұнын айшықтады.
Шараға ҚР мәдениет саласының қайраткері, Қазақстан дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі, Евразия дизайнерлер одағының төрағасы Ермек Асылханов, Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қамбар Көшенов, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Табылды Мұқатов, Қазақстан Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, «Балалар әдебиеті» баспасының директоры Шайзада Байкенова, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Кітап графикасының ардагері Александр Қабдыкәрімұлы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер Одағы плакат секциясының басшысы Сағи Ахтанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі Құрманғазы Жеделов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Әмірғалиқызы қатысып, өздерінің ыстық лебіздері және көркем туындылардан алған әсерлерімен бөлісті.
Аталған көрмеде суретшілердің кескіндеме, графика және плакат жанрындағы әртүрлі техникамен орындалған 50-ден аса туындылар қойылған.
Қылқалам шеберлері өз шығармашылығында Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныстырды.
Кейіннен Қазақстан Дизайнерлер одағы мен журналистика факультеті өздерінің тарапынан көрмеге қатысушыларды дипломдармен марапаттады. Шара соңында қонақтар өзара пікір алмасып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Толығырақ бейнематериалдан тамашалай аласыздар!
27633 рет
көрсетілді0
пікір