Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Желтоқсан, 2021

Мажарстанда Қазақстан тəуелсіздігінің 30 жылдығына арналған пошта маркасы шықты

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі Мажарстан поштасымен бірлесіп және Құрметті консулдың қолдауымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Мажарстанның пошта маркасында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Пошта маркалары елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланады.

Алғашқы мерейтойлық маркалар Мажарстан Үкіметі, ғылым және мәдениет өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ жергілікті коллекционерлерге, яғни филателистерге табыс етіледі.

Қазақстан Елшілігі бастамашы болған марканың шығарылымын іске асыру кезінде филателия қағидаттары мен Мажарстан поштасының стандарттары ескерілді.


 

772 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз