Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 17 Желтоқсан, 2021

Алматы қаласы Тәуелсіздік мерейтойында қалай безендірілді?

Мерейтой күндерінде мегаполистің орталығындағы және барлық аудандарындағы алаңдар, сондай-ақ даңғылдар мен көшелер тақырыптық көркем жарықпен, мемлекеттік рәміздері бар баннерлермен және инсталляциялармен безендірілді.
Сәулет-көркем жарықтандыру Республика, Астана алаңдарында, Тұңғыш Президент саябағында, «Медеу» БСК-нің жанына, «Алатау креатив хаб» ғимаратының алдына орнатылған. Бүкіл қала бойынша мерекелік билбордтар орналастырылған.

Ұлттық кітапхананың алдында ерекше инсталляция – Тәуелсіздіктің мерейтойлық датасы белгіленген текше пайда болды.

Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда киіз үй және шаңырақ түрінде инсталляция орнатылған, ол қараңғыда жарыққа оранып, ерекше сипатқа бөленеді.

Тағы бір мерекелік құрылым Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда орнатылды. Ескерткіште қанатты барысты басқаратын «Алтын Адам» бейнеленген, ол Қазақстан жеріндегі берік мемлекеттік билікті бейнелейді.

Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ және Бұқтырма көшесі тақырыптық безендірілген.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

1787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз