Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Желтоқсан, 2021

Ұлыбританияда кооронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Бейсенбіде Ұлыбританияда ковид жұқтырғандар саны 88,3 мың адамға жетті - бұл пандемия кезіндегі ең үлкен тәуліктік көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сәрсенбіде 10 мыңға жуық адамға «Омикрон» диагнозы қойылды, дегенмен Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясы бар адамдар саны екі есе көп болуы мүмкін. Осыған байланысты Франция Ұлыбритания азаматтарына елге еркін кіруге тыйым салды. Француз билігінің мәлімдемесінде «Омикрон» нұсқасының тез таралуына байланысты елге кіруге саяхаттауға «нақты себебі бар» британдықтарға ғана рұқсат етіледі және олар Францияға кіргенде де, шыққанда да тест жасауға міндетті. Сәрсенбі күнгі мәліметтер бойынша, Францияда ковидпен 65,7 мың адам ауырған, оның ішінде тек 240-ы «Омикронға» тиесілі. Сенбі күні түн ортасынан бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, Ұлыбританиядан Францияға бару үшін вакцина алған және алмаған саяхатшылар елге кіру үшін нақты себебін айту керек. Туристік және іскерлік сапарлар бұған кірмейді. Франция азаматтары, олардың серіктестері мен балалары ешқандай себепсіз үйлеріне орала алады. Францияға кіруге рұқсат етілсе де, барлық келушілер бір апта ішінде оқшаулануға міндетті. Бірақ, теріс тест ұсынылған жағдайда оқшаулануды 48 сағаттан кейін тоқтатуға болады. Бұл шектеулер ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне қатысты емес, деді Ұлыбритания көлік министрі Грант Шаппс.

 

477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз