Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 18 Желтоқсан, 2021

"Қар ханшайымы" ертегісі Алматы циркінде

Ганс Хрестиан Андресеннің "Қар ханшайымы" ертегісінде сюжеттік желісінің қызықтығы соншалық, осы уақытқа дейін әлемнің көптеген елдерінде ертегі бойынша кассалық фильмдер мен мультфильмдер түсіріліп, экранизацияланған туындылар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жаңа жыл қарсаңында ғажайыпқа толы ертегі сюжеті бойынша Алматы циркі ерекше қойылым дайындап, көрермендеріне естен кетпес бағдарлама ұсынбақшы.

Адал достықты ту етіп, зұлымдықпен күресе білген қайсар мінезді Герда мен Кайдың оқиғасы цирк манежіндегі кәсіби әртістердің ойынымен тамаша үндестік тапқан. Екі сағат бойына елуден аса цирк әртістерінің акробатикалық өнері мен музыкалық қойылымдарынан бөлек, көрермен тұлпарлар ойынын, аю, иттердің, бұғылардың ерекше ептілігінің куәсі болмақ.

Жаңа бағдарламаның бір ерекшелігі – алғаш рет Алматы циркінің 7 жасар кішкентай әртісі Данат Досбатыров басты рөлде ойнап, өзінің әртістік қабілеті мен спорттық гимнатикалық өнері арқылы көрерменін таңдандырады.

Өнер ордасының тұрақты көрермендеріне бұған дейінгі түрлі бағдарламалар арқылы есімі жақсы таныс, Бүкілресейлік «Цирк ханшайымы» фестивалінің қола тәжінің иегері, Монте-Карлода өткен IX «Жаңа ұрпақ» халықаралық цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегері Анастасия Демидова Герданың орбарызында көрермендерімен қайта қауышады.

Сондай-ақ, қойылымға Халықаралық цирк өнері фестивальдерінің бірнеше дүркін жүлдегері, актриса, каскадер Альфия Күнғожинова, әуе-спорттық эквилибрі бойынша Республикалық турнирдің 1-орын иегері Варвара Кошкина, цирк жаттықтырушысы Ұлан Бактакуновтың «Алматы Тұлпарлары» нөмірі, эстрада және цирк колледжі тәлімгерлері қатысады.

«Қар ханшайымы» ертегісінің қоюшы-режиссері - Марина Редько.

Жаңа жылдық бағдарлама биылғы жылдың 18 желтоқсанынан 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін цирк келушілерінің назарына ұсынылады.

Жаңа қойылымның түрлі фрагменттері мен цирк ұжымының сұхбатын бейнематериалдан тамашалай аласыздар.

 

Гауһар Түстікбаева

«Қазақ газеттері» ЖШС

26654 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз