Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Желтоқсан, 2021

Жамбылдықтардың 83 пайыздан астамы көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша Жол картасы 15 тармақты қамтиды. Олардың қатарында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, мемлекеттік мекемелердің жылу жүйелерін жаңғырту, елді мекендерінің жеке секторын газдандыру, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ коммуналдық және ведомстволық бағынысты қызметтердің көлік құралдарын сығылған табиғи газбен пайдалануға жол берілмеу, Тараз қаласында кәріздік тазарту кешенін салу, ҚТҚ полигондарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келтіру сынды жұмыстар бар.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Арсен Латыпов айтты. Оның мәліметінше, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу үшін жер учаскелерін, инфрақұрылым беру, Тараз қаласында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу, фосфогипс қалдықтарын ауыл, жол шаруашылықтарына тарту, жасыл екпелерді паспорттауды жүргізу және көгалдандыру, жасыл белдеулер мен инфрақұрылымдар құру үшін Тараз, Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларының, ауылдық елді мекендердің айналасынан жер учаскелерін бөлу, науалық суару желісін жаңғырту сияқты шаралар да қамтылған.

«Қазіргі таңда Жол картасы негізінде 4 аудандық бюджет және кәсіпорындар қаражаты есебінен 9,2 шақырым жылу желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүруде. Жаңатас қаласының орталық қазандығын реконструкциялаудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 24,9 млн теңге бөлініп, жұмыстар басталды. Облыстың 20 елді мекенінде 16 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда, жалпы газдандыру үлесін 83,8 %-ға немесе 257 елді мекенде 952 мың адамға жеткізбекпіз», - деді спикер.

Тараз қаласында қоғамдық автобустарды газбен жарақтандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр екен. Жыл соңына дейін аймақта 19 полигон, келесі жылы 29 полигон қоршалмақ, 13 полигон жойылады.

547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз