Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 21 Желтоқсан, 2021

Ардақ Төлеубайдың «Қыз ғұмыр» атты фотокөрмесі ашылды

Алматыда қазақстандық фотограф Ардақ Төлеубайдың «Қыз ғұмыр» атты фотокөрмесі ашылды.  Шара Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» КМҚК жанындағы Almaty Gallery қолдауымен өтті.

Әйелдер жүзі фотопленканың кадрында мәңгі қалады, оған бір мысал: революцияның сонау он жетінші күйбелең жылдарында туған жерінен алыстап кеткен және қазақ жерінің кең даласының ауасын тыныстау мүмкіндігін ұзақ күткен отандасымыз 105 жастағы Әсия Сардарбектің портреті.

Әсия Сардарбектің тағдырына таңданған Ардақ Төлеубай АҚШ-қа ұшып барып, ол туралы бірқатар фотосуреттерді жарыққа шығарады. Жүрегі Отанға деген сүйіспеншілік пен сағынышқа толы арбадағы қарт әйелдің дана келбеті – фотосуретшінің әйел тағдырымен тамсану мен оны дәріптеу, шынайы патриотизмнің, қайратты әйелдің символы ретінде жасаған бейнесі. 2021 жылы  105 жасында Әсия Сардарбек қайтыс болғаннан кейін, Ардақ Төлеубай осы таңғажайып әйелді еске алу үшін Almaty Gallery-де өзінің фотожұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.

Алматы галереясының көрме залында әйел тағдыры тақырыбын жалғастыра отырып, көрермен назарына Ардақ Төлеубайдың жаңа туындылар топтамасы ұсынылады.

Ардақ Маңғыстау табиғатының керемет сұлулығына таңданады. Миллиондаған жылдар бойы дала желімен құрылған шатқалдар мен құздар фотографтың туындыларында маңғаз мекеннің түпсіз тереңдігіне портректтік кескінді үйлестіреді.

Талантты қазақстандық дизайнер Тарбия Айдынбаеваның арнайы бірлескен жоба үшін жасаған авторлық ұлттық киімдегі  қыздар осы таулардың аясында тұрып қазақ аруларының даналығын, сұлулығын, өзіндік ерекшелігін бейнелейді.

Наргиз Алиб, «Almaty Gallery» көрмесінің жетекшісі:

-Биыл біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығында көптеген ірі жобаларды жүзеге асырдық. Бүгін ұсынылып отырған Ардақтың ерекше тақырыптық көрмесі осы жылғы ең соңғы жылжабар жобамыз.

Ардақтың фотосуреттерінен біз әйелдердің киім үлгісі олардың жасының, әлеуметтік мәртебесінің, дәрежесінің қатаң анықтауышы болғандығын байқаймыз. Бұл - ұлттың көп ғасырлық тарихы мен мәдениетінің көрінісі. Ардақ Төлеубайдың әрбір фотожұмысы әйел мен оның тағдыры туралы сыр шертеді. Келушілердің назарына ұсынылған фотокөрмеде 40-тан астам жұмысы бар. Біздің көрмені қалалықтар мен қала тұрғындары тегін тамашалай алады.

Ардақ Төлеубай, «Қыз ғұмыр»  фотокөрмесінің авторы, кәсіби фотограф:

-Менің бұл фотосуреттерім толықтай Маңғыстау даласында түсірілді. Қыздарды  ұлттық киім үлгісімен көрсетуде ақтаулық Тарбия Айдынбаева есімді дизайнер қолдау көрсетті. Ал суреттерге келетін болсқа, бұл репортаж емес, қойылымдық суреттер. Бұл жерде тамырға үңілу деген бар. Қазіргі әйел мен бұрынғы әйелдің болмысын зерттей отырып түсіруге тырыстым. Мен сол жауапты таптым деп айта алмаймын, бірақ сол тамырға көбірек үңілуге тырыстым. Сондықтан, бұл көрмем біріншіден Әсия апамның рухына бағышталады. АҚШ-қа ұшып барып, ойы құрсауланбаған, басқа тілде ойламайтын,  ол тілде қосып сөйлемейтін адам қандай болады екен сұрақтарға жауап алу үшін Әсия апамыздың портретін түсірген едім.

Маңғыстау-қазақтың болмысы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, киім-кешегі сақталған керемет жер. Фотоқойылымдағы қыздардың барлығы да жергілікті жерден кастинг арқылы түсірдік. Барынша қарапайым қыздар кадрға ілінді. Барлығы табиғи келбетімен жан баурап алады. Олардың келбеті арқылы дала мен қазақ қызының бүгінгі болмысын суреттеуге тырыстық.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1793 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз